29.08.2022
118
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-29-02-16-50.png)
Былайғы күннің білмей бағасын....
Былайғы күннің білмей бағасын,
Кеткен бе жерден мүлдем жарасым?
Жек көремін мен арамдықтарды
Арқалап жүрген адам баласын.
Қатпар да қатпар күнде өксік көп,
Былық-шылықтар жатыр қоқсық боп.
Адамның бәрі — тап-таза емес,
Сондықтан мүмкін жерде достық жоқ!
Жігер мен бақыт — бір дегендігім,
Тiрлiктi тұнған жыр дегендiгiм.
...Сендегі қулық-сұмдықты, өмір,
Жақсы еді білмегендiгiм?!...