29.08.2022
119
Заңы ма тіршіліктің...
Заңы ма тіршіліктің,
Маған бұл ұнамайды:
Адамдар жүрегінен –
Жағдайын сұрамайды.
Кешірем білместікті
Сылтауы үнемі көп.
Сеземін кей адамның
Бәрібір жүрегі жоқ.
Қаталдық, қатігездік...
Жердегі түнек – сіздер.
Тірліктің тас-талқанын
Шығарған жүрексіздер.
Үлпілдек жаным менің,
Түспеші, әбігерге,
Жердегі бұл ауруды
Жазбайды дәрігер де.
Адамның ақылының
“асқаны” - мұңды-ы-ы сурет!
О, мендік титтәй жүрек
Шаншыды тұңғыш рет.
Ізгілік,
жер бетінде -
барсың сен. Сезіп тұрмын.
Қатігез дүниеге
Әзірше төзіп тұрмын..