29.08.2022
152
Адамдар-ай!
Санасын шау тартып шабандаған,
Тағасымен тұлпары табандаған,
Құйын– мінез, қу құлқын адамдар-ай,
Баласымен жауласып, жамандаған.
Сөзіменен сылқитып білімдіні,
Өзіменен əкелген іріндіні.
Пəтуасыз, ақылсыз адамдар-ай,
Көзіменен арбаған бірін-бірі.
Толғандырып, толқытып жылағанды,
Қорған қылып оқыстан құлағанды,
Жең ұшынан жалғасқан адамдар-ай,
Көзіменен арбаған бірін-бірі.
Толғандырып, толқытып жылағанды,
Қорған қылып оқыстан құлағанды,
Жең ұшынан жалғасқан адамдар-ай,
Жолдан жұлып əкеткен сыбағамды.
Үйкеленсең үзерсің белдігіңді
Жүйкелі еңсең жүн болар кемді күнгі,
Ойласаңшы алдыңды адамдар-ау,
Бүйте берсең жоярсың елдігімді!