29.08.2022
133
Еліме
Егерде болсам сенің ақын ұлың
Өнерде еркелеуге қақылымын!
Өтер ем өрге серпіп, өкшеленіп
Берер ем оған мұрсат қапырығың.
Тиынға алмасты да кеше-бүгін
Қиынға қамалып жүр шешен ұлың.
Ұрпағым азып– тозып кете ме деп
Миымда ойнақтайды мешел ұғым.
Қолына тимеген соң есе бүгін
Долыға айналып жүр көсем ұлың.
Білегін сыбандырып, тіс қайратып,
Торына қамап алған кесел ұғым.
БІР есер: «Көк тиындық, – деме, – құның»
Тіресер өзі болам еселінің.
Қазақтың ата кегін даулайтұғын
Күресер көзі болам кешегінің!
Мен сені елім десем, жерім десем,
Еңсені езіп жатқа телінбес ем.
Өтейін құлың болмай, ұлың болып
Семсері ақыл-ойдың сенімге сен.