29.08.2022
192
Біздің «жаңа» тарих
Жалған даңқын асырып,
Қасиетін қашырып,
Тулақ еттік даланы.
Арман, салтын басынып,
Өсиетін жасырып,
Турап өттік бабаны.
Надандыққа бас ұрып,
Дінсіздікке тасынып,
Улап өттік сананы.
Адалдыққа ашынып,
«Мінсіздікке» асығып,
Құрбан еттік ағаны.
Айбынымыз басылып,
Ерке еліміз ашығып,
Қурап өттік аһ ұрып.
Байлығымыз шашылып,
Етегіміз ашылып,
Құл боп кеттік ақыры.
Қазақты қас ұғып,
Қасымызбен қасынып,
Ұрлап, бұлдап ой алдық.
Азаттықтың басы қып,
Басымызбен тас ұрып,
Тулап, шулап ояндық!