29.08.2022
98
Түнекті, шуақты, қанқұйлы..
Түнекті, шуақты, қанқұйлы,
Күн өтті елеңнен сан қилы.
Алданған жылдардың уындай
Жүректі күдік ой аңдиды.
Тілекті арқалап сан милы,
Тіректі таба алмай жан қиды.
Аяқты жоқшылық тұсап ап
Білекті нарықтық шандиды.
Адалдың арманын білмеген,
Ақ ардың ақ жүзі кірлеген,
Жаңа бір тарих жасадық
Адамның түсіне кірмеген.