29.08.2022
109
Өлеңге дем беру
Өлеңім! өлгексіп жасыма,
Төренің қанындай тасы да,
Төбенің бір-ақ шық басына.
Өлеңім! Наданға бас ұрма
Көненің көзіндей ашыл да,
Өренін табындыр асылға.
Маңайдан бақталас шықса да
Қалай да өзіңді нық сана.
Абайдан басқаға ұқсама.