29.08.2022
97
Толғану
Наз əнім сырласса талаймен,
Жазамын жасық жыр қалай мен,
Өлеңді ту етіп көтерген
Қазағым бақытты Абаймен.
Абайды пір тұтып жолығар,
Дана ойды шырақ қып жөн ұғар,
Қазақтың ақыны бақытты
Түнекте адаспас жолы бар.
Елеңдер елп еткен сезімге,
Тереңдер тұнатын көзінде,
Қазақтың жастары бақытты
Кемеңгер Абайы өзінде.
Зердеме ой жинап көктеймін,
Шенге де шеттігім сөкпеймін,
Алдымда Абайым тұрғанда
Мен неге атойлап өтпеймін.