29.08.2022
  119


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Абай атама

Тасы иіп балқып жатыр бағзы мекен
Нақ сүйіп, сəлем беру– салтым екен.
Ассалау-мағалейкум, Абай ата,
Бас иіп өзіңізге тағзым етем!
Жетпеген арманы бар балаң едім,
Шектеген тағдырыма алаң едім,
«Тас бауыр жетім қозы» деуші едің ғой
Еппенен қабағыма қара менің.
Бағы бар түрленіпті дала бүгін,
Шықтай боп тұнғандай-ақ бір нала-мұң
Сипасаң ақ ниетпен маңдайымнан
Танылар ұлылығың, даналығың!
Жалынға шалдыратын мені құмар
Жанымда өлең-сөздің желігі бар.
Өзіңнен ұшқын түскен бір ұлыңмын
Шағында қилы күннің тегін ұғар.
Төзімнің қалған шақта қаңқа басы,
Сезімнің болды менде жанталасы,
Жетелеп жыр-құнынан келіп тұрған
Өзіңнің ТӨКЕҢНІҢ парталасы.
Жат елдің топырағында басы қалған,
Əкемнің мұрасы еді– асыл арман!
Түлетіп жүрегімде сол арманды
Əкелдім. Қарсы ал, ата, жол аш алдан!





Пікір жазу