29.08.2022
128
Күзгі жел күнбатыстан қоңыраулап...
Күзгі жел күнбатыстан қоңыраулап,
Бұйра бұлт ентелейді омыраулап.
Барады қаңбақ сорлы қашып қырдан,
Күнімді көрейін деп қонып аулақ.
Егіннен десте-десте жол сап барып,
Сыйлығын жер-ананың алсақ танып.
Шырғанақ шырайланып шыға кепті,
Үстіне сап-сары ала моншақ тауып.