29.08.2022
  89


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Тамаша еді жаңбырдан соң, ой, қандай!

Тамаша еді жаңбырдан соң, ой, қандай!
Күн күйгізіп мақта – бұлтты ойғандай.
Тау мен тауды жалғап Кемпірқосақпен,
Аспалы бір көпір сала қойғандай.
Болмаған соң босаңы мен осалы,
Қоралы қой жаңбырға жон тосады.
Күн айыға қайта-қайта сілкініп,
Бас шайқаса, құлақ беттен осады.
Табиғаттың қасиетін мол ұғып,
Шабыттың да жаңбырына жолығып.
Жүректегі мұң-наланы тазартып,
Біз де осылай тұрсақ еді-ау шомылып.





Пікір жазу