29.08.2022
  103


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Қою жасыл тарауды өшіге асап...

Қою жасыл тарауды өшіге асап,
Қаптаған қой келе алмай төсіне шақ,
Зоопаркте қажыған арыстандай,
«Ақжал» жатыр аяғын көсіле сап.
Қырды қаптап жап – жасыл бүліс – қаңбақ,
Өрлемейді өңшең нар күйіс қамдап,
Мен келемін ауылға айыр жолмен,
Бір жол жатыр Ақжалды құйысқандап.
Қырағы көз пайымдап қырандарша,
Көкірегім менің шын сыр аңғарса –
Көк түтіндер барады көкке атылып,
Иреңдеген судағы жыландарша





Пікір жазу