29.08.2022
  110


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Ат қоюға данамыз...

Ат қоюға данамыз,
Кейде тіптен шатақпыз.
Бурабайды (қараңыз),
«Боровое» деп атаппыз.
Тұспалдасам ұят-ау,
Енді киер «кепкесін».
Бара-бара бұл атау,
Борбай болып кетпесін.





Пікір жазу