meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  29.08.2022
  150


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Оу, Көкшетау!

Оу, Көкшетау!
Жер-жаһанға мəлімдім,
Жер əлегін жеңсеңші.
Ақаныңа біткен асқақ əніңнің,
Бір əуенін берсеңші?!
Қойныңдағы шежіре мен жұмбақтың,
Миға салшы түйінін.
Сəкеніңе біткен сұлу сымбаттың,
Сыйласаңшы түйірін?!
Жүрегімді шұғылаңа батырдым,
Жыр тұнығын құйсаңшы.
Шоқаныңа біткен асыл ақылдың,
Бір сынығын қисаңшы?





Пікір жазу