29.08.2022
120
Қайдасың, қара көзім
Өзіңсіз қалай жаным баптанамын,
Іздейді көкіректен аққан ағын.
Іздейді сағынышқа толған жүрек,
Қайдасың, қара көзім, ақ тамағым?
Өз атың жаттағаным, жаттамағым,
Өз гүлің баптағаным, баптамағым.
Өз жаның аяларым, армандарым,
Қайдасың қара көзім, ақ тамағым?
Өзіңсің бірге жүрсем жан самалым.
Өзіңсің алыс кетсем аңсағаным.
Өзіңсің бақытым да, өмірім де,
Өзіңді аңсай-аңсай əн саламын.
Малтатып ақ ұлпаға ат балағын,
Өзіңді аңсап іздеп аттанамын.
Өзгенің белдеуіне ат байласам,
Кешірме, қара көзім, ақ тамағым!