29.08.2022
297
Адаспа
Ғашық болу оңай емес адаспа,
Әй досымау айтасың-ау құр босқа.
Білгің келсе сұра барлық адамнан
Кім бақытсыз айтып берер ғашық ән
Сүю бөлек ғашық болу ол басқа
Махаббатты шатастырма адаспа.
Өшіп кетті он алтымда бір отым
Тұтана алмас өшіп кеткен бір шоғым
Өткен шақта қалып қойған күлкімді
Қайтармайды ешбір ару сүйкімді
Жолдасбегім сұрайсың ау қайда деп
Сол баяғы бақытты Айдос барма деп
Күлкім менің кетті сол бір аруда
Бақытымды басқасында бағала,
Тарих болып қалсын осы көркемсөз
Мен кетсемде қалар бәлкім қара сөз
Парақталған кітап болар осы өлең
Бәлкім қалар өсек болып бұл өлең!