29.08.2022
  100


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Шофер болсам егер мен...

Жаттық жолда болам деп,
Күнде үйімде қонам деп.
Бас пайдамды көп ойлап,
Ұмтылмас ем соған тек.
«Өзің біл» деп елесең,
Өз қамымды жемес ем.
Пайдасыз жол келсе де,
Бұзылып тұр демес ем.
Бастыққа ептеп жағынып,
Кей шоферше қағынып.
Аспандамай, тəртіппен,
Жүрер едім бағынып.
Механикті міндемей,
Өзгелерді күндемей.
Машинамды меңгеріп,
Жүрер едім үндемей.
Слесарь бар деп сеніп,
Əкелмес ем бөксеріп.
Əр тетікті күн сайын,
Көрер едім тексеріп.
Ақау жерін табар ем,
Мүлтіксіз ғып бағар ем.
Өзім егер білмесем,
Сұрап, біліп алар ем.
Қара майдың қаспағы,
Басқан қара баспағы.
Болмас едім, оқыр ем,
Жіберместен баспаны.
Бəріне де шыдар ем,
Күнде жолға шығар ем,
Борышымды қоғамдық,
Осылайша ұғар ем.





Пікір жазу