29.08.2022
141
Саудагер болсам егер мен...
Алушыны қас ұғып,
Зат бағасын асырып.
Үзіп-жұлып жемес ем,
Бала келсе басынып.
Үйге күнде тасынып,
Туыстықтың басы ғып.
Тəуір, өңді заттарды,
Таратпас ем жасырып.
Тəкапарсып ант ұрып,
Көңілдерін қалдырып.
Тығып қойып қуысқа,
Жоқ демес ем бар тұрып.
Бергенімді жоба ғып.
Ешкімді дос-жора ғып.
«Жүк алуға кеттім» деп,
Кетпес едім жоғалып.
Көз таныссыз болар ма,
Оған тартқан оңар ма.
Кімдер тұрса кезекте,
Сатар едім соларға.
Бəрін бірдей санар ем,
Сөйтіп көпке жағар ем.
Сағатымен жұмыс қып,
Сағатымен жабар ем