29.08.2022
  172


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Бастық болсам егер мен...

Тартсамдағы жартпас ем,
Туысыма тартпас ем,
Жағдайына таныспай,
Ешкімге айып жаппас ем.
Жоғарыға жалпақтап,
Төменгіге жалтақтап.
Қайтсем ұзақ тұрам деп,
Жүрмес едім қалтақтап.
Арзан сөзге ермес ем,
Күнде кінə термес ем.
Кемістікті жасырып,
Жалған ақпар бермес ем.
Арамдыққа бармас ем,
Жарты тиын алмас ем.
Мең-зең күйде отырып,
Күнде ертеңге салмас ем.
Сынға жүнжіп сынбас ем,
Ылайланып тұнбас ем.
Халқым айтқан арызды,
Тындырмастан тынбас ем.
Белгі болып қалмас ем,
Байбалам сап бармас ем.
Заң-законмен қорқытып,
Зəрелерін алмас ем.
Күлген болып келмес ем,
Күңіреніп бүрмес ем.
Құс жоғалтқан аңшыдай,
Көкке қарап жүрмес ем.
Көпке көңіл бөлер ем,
Əділдікке көнер ем.
Қамын ойлап халқымның,
Қажымай тер төгер ем.
Ақылын да алар ем,
Хал-жайына қарар ем.
Өрем жетпес билікті,
Өздеріне салар ем.
Өзіме-өзім сенер ем,
Білімменен жеңер ем.
Тіл табысып көппенен,
Ашық жауап берер ем.
Мақсаты бар көздеген,
Ісі бардай сөбенен.
Мінсіз бастық болсам деп,
Үйренер ем өзгеден.





Пікір жазу