29.08.2022
95
Шалқып тұрған от-бұлағы...
Шалқып тұрған от-бұлағы,
Шабыт бар-ау елімде бір.
Өлеңдеткім кеп тұрады,
Өршеленіп менің де бір.
Тауға шабар биік-биік,
Тасқын бар-ау есімде бір.
Ақ жаңбыр боп құйып-құйып,
Өткім келер менің де бір.
Жауын соққан қылқындырып,
Дауыл бар-ау елімде бір.
Меңзығырды сілкіндіріп,
Өткім келер менің де бір.
Ел бақытын ермен сынар,
Жалын бар-ау елімде бір.
Жанар шағым келген шығар.
Жай отындай менің де бір.
Тұманды күні жүрем мен,
Тұнжырай түсіп қабағым.
Тұп-тұнық шуақ реңнен,
Айрылды деме, қарағым.
Түк емес мендей сабазға,
Түтсең де ол кез батыл кеп.
Түсін тек – аппақ қағазға,
Өлең боп жауып жатыр деп.