29.08.2022
  787


Автор: Жібек Ысқақова

Қазыбек би, білсеңіз

Қазыбек би, білсеңіз Қаз дауысты,
Шешендікпен үн қатқан барлық жанға.
Орта жүздің биі ол — руы арғын,
Әділдікпен қашанда болған алда.

Хандық дәурен кезінде би атанып,
Орта жүздің биі еткен Тәуке хан бұл.
Белді мүше болып ол хан кеңесте,
Алғырлықпен Тәукенің қасында тұр.

Дараланған биіміз бала кезден,
Шешендікпен тіл қатып әкесіне.
Қалмақ ханға үн қатып он төрт жаста,
Сөз сөйлеген жеткізіп жетесіне.





Пікір жазу