29.08.2022
  84


Автор: Жанат Әскербекқызы

Өкінішімнің көз жасын...

Өкінішімнің көз жасын
Кім құрғатады,
Жүк арқалағандай өз басым
Мың жылға тағы.
Түннің төзімі тозғасын
Күнім
Күміс дауысын сыңғырлатады.


Өткен күнімнің қылығын
Кешіре алмаймын,
Жүректің салған бүлігін
Есіме алмаймын,
Ылайланғандай тұнығым,
Сені
Несіне алдаймын...



Шілде, 2002 ж.





Пікір жазу