29.08.2022
  82


Автор: Жанат Әскербекқызы

Кіммен тілдесем...

Кіммен тілдесем?!
Түнмен...


Қарашығы үнсіз күлген.
Көктен құлаған жарық
Ақты жүректі жарып,
Түлен түрленген мезетАқылым болды ғаріп.
Бүгін налыды
Түнім,
Жаным – тілім де тілім.
Сайтан күледі
Сайдан,
Еске ашады майдан.
Жарық жақындар сәтте
Бір үн жеткендей Айдан.
Ғұмыр,
Демейін түңіл.
Санаңда жүрер сыбыр...





Пікір жазу