29.08.2022
  77


Автор: Жанат Әскербекқызы

Көктен құлаған...

Көктен құлаған
Жұлдыз дін аман.
Аспан күрсінді
Сауға сұраған.
Таулар шошынып,
Қалды тосылып.
Жұлдыз қонған жон
Жатты көсіліп.
Жұлдыз...дірілдеп,
Сөйлер күбірлеп,
Көкке телмірер
Қорқып...күлімдеп.
Сосын жылады,
Өзі кінәлі.
Жасы... шөп басын
Шық боп шылады.
Жалған –шын жалған,
Мәңгі кім қалған?!
...Жұлдыз сынығын
Таптым құмдардан.





Пікір жазу