29.08.2022
  137


Автор: Жанат Әскербекқызы

Қызыл қанатты періште...

Қызыл қанатты періште,
Қылығым менің теріс пе?
Жүрегім тулар кеудемде
Күдікпен түсіп керіске.
Әзәзіл күліп ішімнен,
Шошынып жүрмін түсімнен,
Періштем, қалдың сескеніп,
Қылығы тосын кісімнен.
Қызыл қанатың құбылып,
Құбылысымды ұғынып,
Іңірге сіңіп кеттің бе,
Кір шалған күннен түңіліп.
Қызарып Іңір қымсынар,
Бойында ызаң тұншығар.
...Жалғанның жалған болмысын
қызыл тісіңмен қыршып ал..





Пікір жазу