29.08.2022
90
Үнім өлді ішімде...
Үнім өлді ішімде,
Тілім өлді тісімде,
Ішін жиып ісімнен
Түн айналды мүсінге.
Күн жымиды... не білді?!
Тістеледім ерінді.
Мен жоғалтқан жалқы сәт,
Көкжиектен көрінді.
Ай мұңайды... не болды?!
Бұлт шалды ма төбемді...
Тебіренсем селт етпес
Тау құлағы керең-ді.
Оқшау биік тұр жылап,
Өткінші ғой бұл бірақ.
Қайтесің деп қайғырып,
Жыр оқыды бір бұлақ...