29.08.2022
  204


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Достарым

Құлынмен тайдай тебіскен,
Əзіл мен назы келіскен.
Жан болып сағы сынбаған,
Сындардан өткен жеңіспен.
Бақыт пен шаттық қуғаны,
Шалқыған күнде думаны.
Шырқалған əнім туғалы,
Достарым, өзің туралы.
Жүрсең де қиыр – шалғайда,
Сендердей ыстық жан қайда!
Көңілден толқын əн ескен,
Кетерме жас шақ əлі естен.
Орнымды менің басты ма,
Жарың мен жалын нəрестең.
Еліме еңбек етем деп,
Əр жерде қалдың – мекендеп.
Достарым, күнде тілеймін,
Аман-сау жүрсең екен деп.
Жүрсең де қиыр – шалғайда,
Сендердей ыстық жан қайда!





Пікір жазу