29.08.2022
  99


Автор: Имашхан Байбатырұлы

О, туған ел! Ертерек...

О, туған ел! Ертерек,
Жан ем бақыт аңсаған.
Өстім ұдайы еркелеп,
Арқа сүйеп мен саған.
Қаспен я доспенен,
Тереземді теңгердің.
Байлық сыйлап өскелең,
Бақытты да сен бердің.
Менен келіп ұқпай ма,
Бақыт іздеп жүргендер.
Байлық қайда, құт қайда –
Ұқтырмай ма туған жер.
Жерұйықтай нақ бүгін,
Жерің дархан емес пе.
Менің күлкі, шаттығым,
Сенің арқаң емес пе!





Пікір жазу