Сыйладың өзің ақылды ой...
Сыйладың өзің ақылды ой,
Қалайша ақын болмайын.
Өзіңді жырлап жатыр ғой,
Мен түгіл, құйттай торғайың.
Сыйладын өзің ақылды ой,
Бар шығар зейін басымда.
Еміреніп еріп жатыр ғой,
Мен түгіл таймас тасың да.
Атыңды жайып ғаламға,
Туған ел, сен деп толғайын.
Мынандай абзал заманда,
Қалайша ақын болмайын.
Күлкімен күнді батырсам,
Шаттықпен таңым атады.
Байлықты судай сапырсам,
Тарамай тойым жатады.
Қырыма шықсам шауып бір,
Үкілі далам тербейді.
Ауылым сəнқой, сауықшыл,
Əнімен мұрса бермейді.
Адамы кілең нар көңіл,
Көрмейсің кезін налыған.
Бəйек боп сыйлап бар көңіл,
Жарылар əппақ ағынан.
Жанымды жырмен шайқаған,
Оралсам ойға қайтадан.
Қалалар тағы айтады əн,
Жырламай қалай жай табам?!
Атыңды жайып ғаламға,
Туған ел, сен деп толғайын.
Мынандай абзал заманда,
Қалайша ақын болмайын.