29.08.2022
  100


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Қайдан білсін жазбағандар...

Қайдан білсін жазбағандар,
Өлең ойын деседі-ау...
Жүрек оты маздағандар,
Əрең-əрең еседі-ау!
Сыртың бұлтты, ішің алау,
Бал жинаған арадай.
Жүрсең,
Олар түсінеді-ау.
Он жастағы баладай.
Көктен өзі келеді дейді-ау,
Бір өлеңді түстесек.
Басы құрғыр сергімейді-ау,
Фирамидон ішпесек.





Пікір жазу