29.08.2022
120
Ерке қалқам
Қыс келсе қарға бөлеп айналаны,
Көктемде гүл орайды бай даланы.
Көңілдің көктеміндей, ерке қалқам,
Мекендеп кетпекшісің қай қаланы?
Түн басса дала жым-жырт тұншығады,
Таң атса күлімсіреп күн шығады.
Таңындай өмірімнің, ерке қалқам,
Өзіңсің көңілімнің күн шуағы.
Ұқсамай не дауылға, не теңізге,
Бөгеліп тоқтау судай өтеміз бе.
Толғанып ойласаңшы, ерке қалқам,
Мына жұрт не таңып жүр екеуімізге.
Көзің сенің көңілдің түндігі еді,
Жанарыңнан таң атып, күн келеді.
Соған мəз боп мен сорлы бақытымды,
Басқа теуіп жүрмін бе, кім біледі?!
Келтіре алмай торқалы той мəнісін,
Қорғай алмай жігіт боп бой намысын.
Жүргенімде тентіреп, маған біреу,
Жеткізе алмай жүрсе ғой ойдағысын.