29.08.2022
100
Өлгейім
Хобда өзен ойлы бұлқынған,
Толқыны сəтке тынбайды.
Өлгейім əсем нұр тұнған,
Ешкімнен сағым сынбайды.
Гүлімен орап жер бетін,
Қоршаған таулар не түрлі.
Қаламның мақтап келбетін,
Хор айтып тұрған секілді.
Қайырмасы
Еңбекпен өсіп толысқан,
Алқызыл нұрға батқандай.
Достардың үні тоғысқан,
Өлгейім менің шат қандай.
Сап түзеп өссе сан үйлер,
Еңбек пен ерлік саптамын.
Сарқыла күлген сəбидей,
Өлгейім, өзің мақтаным.
Адымың аппақ ниетің,
Танытқан абзал жүрегін.
Жаныма тола күй еккен,
Өзіңді жырлап жүремін.
Қайырмасы