29.08.2022
  111


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Басыма адамдықты міндет көріп...

Басыма адамдықты міндет көріп,
Жүрмекпін толғанумен күнді өткеріп.
Көтеріп адалдықтың ақ отауын,
Қоймақпын жүрегімнен діңгек беріп.
Арқамды алты таспа қамшы тырнап,
Азуым айқаспаған сан шытырлап.
Кешір сен! Бет қағусыз өскен жанмын.
Асығым шіге түссе алшы тұрмақ.
Егер мен албырттықпен атойласам,
Кешір сен! ренжимін жат ойласаң.
Естісең жайсыз хабар мен жайында,
Баяғы Айгүл болып бат ойға сан.
Демеймін бақытымнан кеш қалайын,
Өмірімді жатырқасам кешпе ағайын?!
Көшір сен! жабықсам да, қуансам да,
Бір мезгіл сен барыңды еске алайын.
Сөз осы, келіселік, тоқтасалық.
(Өсекшіл ауыздарға от басалық)
Айгүлжан, ұрықсат ет, аялайын,
Сенен де асау қызға ноқта салып.





Пікір жазу