29.08.2022
99
Төбеме құлап аспан көк...
Төбеме құлап аспан көк,
Біржола бұғып жасқан деп,
Итжығыс түскен сан ойлар,
Ұрғылап жатыр бастан кеп.
Дүние шетсіз кең деп ем.
Тарылтып алдым демде мен.
Басылып кеудем көріктей,
Шығады толқып дем деген.
Маңдайдан сансыз сай тасып,
Кірпігім кеткен айқасып.
Ойлардан құлап, сырқатпен,
Жатырмын енді айқасып,