29.08.2022
  103


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Үйретіп сабақ жеті күн.

Үйретіп сабақ жеті күн,
Отызын қойдым екінің.
Кешірілмес күнə болып бұл,
Қоймауға мүлдем бекідім.
Күрессіз қалай жай табам,
Класқа кірдім қайтадан.
Сұрадым өткен сабақты,
Сұрауды бастап «тайпадан».
Сұрадым таптар тартысын,
Оқушы айтты жартысын.
Еңбегі бар деп «бес» қойдым,
Мұның да болды арты сын.





Пікір жазу