29.08.2022
121
Жаз шығып, жайлауына ел кетіскен
Жаз шығып, жайлауына ел кетіскен
Шілде кеп, əуе айналып жерге түскен.
Аң да мəз, адам да мəз, жайлы уақыт
Қыз– жігіт көңілдерді тербетіскен.
Күн қызған тастөбеден қараптағы.
Көк сағым. Басталған кез дала аптабы,
«Шақырған қонағымыз келеді!» – деп.
Бай ауыл абыр-сабыр таң атқалы.
Кеткендей ұзақ күтіп жан шыдамы:
– Кеп қалды!
– Таяп қалды!
– Шаң шығады!
Деседі үлкен-кіші, бала-шаға,
Əбігер малшы-құсшы, жалшы– бəрі.
...Сағыныш атқа деген іштен еріп,
Сүйеніш түсіп жатты түсте келіп.
Құлыбай өзі шығып күтіп алды,
Қонағын сертке мықты, іске берік.
Кірген жоқ сал үйіне қонақ əлі,
Мүмкін ол құтты қонақ бола алады.
Осы сəт бапты қоңыр оқыранып,
Көздерден күміс моншақ домалады.