29.08.2022
  90


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Елгезек көңілдерді анық бөліп...

Елгезек көңілдерді анық бөліп,
Жүретін қайдағыны танып көріп.
Қазақта ұзын құлақ дейтұғын бар,
Тұратын жаңа хабар алып келіп.
Ас болып алақызса жан дүбірге,
Құмарлық жанды үмітпен жанды бірге.
«Керейде Сүйеніштің қоңыр аты,
Бар»– деген хабар жетіп қалды бірде.
Жеткізіп көңілдерге анық ғашық,
Сан ауыз əкетті оны алып қашып.
Құлыбай елден бұрын естісе де,
Айтпады құпиясын халыққа ашып.
Ойлады іштей айла бір-бір бастай.
Аптыққан сал көңілді сындырмастай,
Таңдады ел ішінің ептілерін,
Жат жерде қауіп, күдік тудырмастай.
Кім бар деп жанып туған дара бағы,
Жігіттің өнерлісін саралады.
Деген ғой: «Мыңнан жорға, жүзден жүйрік»,
Көңілдің Үміт болды қалағаны.
Серпілтіп торыққанда сал ағаны,
Көңілдің үміт болды қалағаны.
Күйші еді ол рулы елді таңқалдырған,
Күй еді бақытына балағаны.
Мал бітіп, жылынбаған малдан іші,
Болмаған жарлы болып жалған ісі.
Біреудің адал туған жалғызы еді,
Қарт əке, кəрі ананың алданышы.
Жеңсе де мұңды жігер, сорды қайрат,
Жоқшылық жүретін-ді қолды байлап.
Бұл күнде Құлыбайдың ісі түсті,
Аз өнер бойға біткен болды да айғақ.
– Күн сайын көтерілген беделі үдеп,
Жанының жігері мол, өнері көп.
Сенемін бұл найманда саған ғана,
Əкеліп қоңыр атты береді деп.


Үмітжан, айналайын, үміттімін!...
Құлыбай деді оған күліп бүгін,
Ойланып сəл уақыт тұрды Үміт,
Не шара қалап тұрса жігіттігің...
...Таңдайды тамсанудан тандырмаған,
Қазақта талай ақын сан жырлаған.
Су жорға, нақ сəйгүлік қоңыр еді,
Ұшқан құс, жорытқан аңға шалдырмаған.
Қоңырды көрмегендер сұрап танып.
Көргендер ол туралы сыр ақтарып,
Жақында жан қалмаса қаламаған,
Алыстан келмеген аз құлақтанып.
Қоңыр ат Сүйеніштің сүйеніші.
Баласы оны жатқа күйеді іші.
Қимаған аш адамға қаттылық қып,
Келсе де руы елге ие кісі.
Екі көз, бір көңілді алдау үшін,
Қанша жұрт ат иесін арбауы шын.
Қоңырға күндіз – түні күзет қойды,
Қапелім санды соғып қалмау үшін.
Көршісі Сүйеніштің Тақыр деген,
Тоқтатқан дүйім елді ақылменен.
Бұл да бір көргені көп затты кісі,
Алмаған жалғыз бұрау жат іргеден.
Тағы да тамсандарған жамағатты,
Қызы бар асқан сұлу Жанар атты.
Жүреді ол ауылдасқа жəрдем етіп,
Бір ауық күзетісіп жаңағы атты.
Қыздарды қырық байтал мал алған деп,
Мұның да шылбырына оралған көп.
Жүреді ол ауылдасқа жəрдем етіп,
Бір ауық күзетісіп жаңағы атты.
Зерек қыз, көзі ашық, жаны жарық.
Ержетіп, оң мен солын танып анық.
Арланы домбырада толғайтын-ды,
Күйдерді құлақ шалған қағып алып.
...Күн батып, ымырт еніп, көз байланып,
Айнала қалғып кетті түнге айналып.
Тілгілеп тыныштықты, сылап–сыйпап,
Сүкең жүр қоңыр атты жындай бағып.
Көзінде шала ұйқының ылайы бар,
Шамасы, деп тұрғандай тыңайып ал!
– Жанаржан, мықты болғай, ай қорғалап,
Аспанды бұлт торлаған сыңайы бар.
Дүние бар жарығын қорып апты.
Деді ол аманат қып қоңыр атты.
Жанар қыз айналаны шолып еді,
Төңірек мылқаулыққа толып апты.





Пікір жазу