29.08.2022
  166


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Отаным! Ұлың едім ақ тілекті...

Отаным! Ұлың едім ақ тілекті,
Басыма соным үшін бақ түнепті.
Ойымның салдым міне, бір өрнегін,
Еске алып сен өсірген нақ түлекті.
Өлең – аң болса, мен бір аңшы бала,
Қаруым: қалам – атты қамшы ғана.
Көп əлі алатыным, беретінім,
Тұрмайды бұл еңбегім тамшыға да.





Пікір жазу