29.08.2022
  102


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Күз

Күз – еңбек қызу қимыл басталғаны,
Күз – аққу қош айтысқан аспандағы.
Күз – деген қабыршық мұз, қара суық,
Күз бейне қыс алдының баспалдағы.
Күз – деген күшті білек сыбанылған,
Шопанға қайрақ, тартпа мұра қылған.
Күз – деген күзем айы, күйік айы,
Күз деген – шалқар шабыт жыр ағылған.
Күз бейне, өткір орақ тот алмаған,
Тойған қой, ыңыранып жата алмаған.
Күз деген – молшылықтың дариясы,
Бекерге күз жомарт боп аталмаған.





Пікір жазу