29.08.2022
  83


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Кім кінəлі?

Тапсырды да Төкенге
Осы биыл көктемде


Сабақтан Əлім кешікті.
«Ауру» – деді Төкен де
...Біраз минут өткенде
Қақты біреу есікті.
«Да!» – деп қалды мұғалім
Ақырын басып кірді Əлім
– Қайда жүріп кешіктің?
Бола кетті сыр мəлім:
– Келгенім осы– дед Əлім.
Төкен де, мен де есіттім
– Ауырдың ба балақай?
– Ауырғам жоқ ағатай.
Қарады ағай Төкенге.
Кеше үйге бір қайтқам
«Ауырам» – деп өзі айтқан.
деді тұрып Төкен де.
Осындай бір жала бар,
Айтысып олар жүр əлі.
Айтыңдаршы балалар,
Осыған кім кінəлі?





Пікір жазу