29.08.2022
  91


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Қайда кеттің?

Жасымыздан ойнап-күліп бірге өсіп,
Жүрмеп пе едік балалықты бір кешіп,
Ортаға сап ойынды да, ойды да,
Оқымап па ек сабақты да бірлесіп.
Жоқ болдың сен қайда кетіп?
Сағындым ғой жанарыңды.
Жүрейін де үміт етіп
Білдірсеңші хабарыңды!
Жүрмесем де құрбыжаным жаныңда,
Жаттаулы жүр ерке бейнең жадымда.
Жүрек отын өшіре алмай келемін,
Жалыныңның ұшқынына жандым да.
Жоқ болдың ғой сен қайда кетіп
Сағындым ғой жанарыңды?
Жүрейін де үміт етіп
Білдірсеңші хабарыңды!





Пікір жазу