29.08.2022
  93


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Танымай қалыпты

Жыладым, жыладым,
Сол еді қулығым,
Ақыры мен алдым,
Ағамның құлынын.
Маңдайы қасқа еді,
Бойы да кішкене:
Жықпайтын жақсы еді,
Мінсем де үстіне.
Оқуға кеткен ем,
Ол қалып жылқыда.
Қайтадан келдім мен
Жайлы жаз шықты да.
Енді мен құлынға,
Таясам қашады.
Ойыны ма, шыны ма?
Аузын да ашады.
Қыс бойы шөпті жеп,
Тай болып алыпты.
Мені де өсті деп,
Танымай қалыпты.





Пікір жазу