29.08.2022
  195


Автор: Талғат Орманов

ДОСҚА НАЗ

Әке-шеше арқасы тасып толған,
Зиялымен бір жүру нәсіп болған.
Сылаңдаған Ошақты аруына,
Бір көргеннең Нышан дос ғашық болған.
Таусылған ба бұл өмірде арманы,
Толы әркез дос-жаранға жан-жағы.
Ару қыздар Әке,- десе болғаны,
Шырайлана түскен Гүлнар жан-жары,
Нағашы,- деп Төкең төрге шығарат,
Білген жандар қасиеті ұғар-ақ,
Еркін көкем : - Қайным неге көрінбейт,
-Деген сәтте жан сезімдер ырғалат.
Айтылмаған сырмен шуақ төгілер,
Ордабасын татулықтың төрі дер.
Туған жері Қайнар-Бөржар аймағы,
Атамекен десе қөңлі егілер...
Нышан дос та ер жасына келіпті,
Сипатпаған Сәйгүліктей желіпті.
Ләззат-Кәмшат дастарханы әрдайым,
Сізге дайын, төрден орын беріпті.
Іргелі елім, бәрі тегіс қалмапты,
Сөз сөйлейді Әкім, Фарқат салмақты.
Қалаулысы қалың елдің Нұрғали
Кластас-дос тойға әнші жалдапты.
Мән берейік салған әннің назына,
Саған талай өлең жатар жазыла.
Низамидин, Құлас сынды біртуар,
Замандастар білген жанға қазына.
Жанұямен, бізбен биік тағыңыз,
Елмен бірге, көппен бірге байыңыз.
Соңғы кезде кіріс көптеу, шығыс аз,
Досқа берер көбейсінші шайыңыз.





Пікір жазу