29.08.2022
  452


Автор: Талғат Орманов

ҚАҺАРМАН СЕНДЕЙ БОЛСЫН ЖАРҚЫН ЖҮЗІ

/ Лондон олимпиадасының чемпионы Серік СӘПИЕВКЕ/
Ақордадан Елбасы бақ тіледі,
Лондонда спортшылар нақ түледі.
Жеті алтын, жалғыз күміс, бес қоламен,
Қабыл болды Нұрсұлтан ақ тілегі.
Әлемге Серік атың өсиетті,
Шаршы алаңға жас өскін бас иед-ті.
Аңсап күткен алтынды Сен әпердің,
Қазаққа жеті саны қасиетті.
Қазақтың тарихында аз ба сызы,
Дәстүрмен мерей асқан Сіз бен бізі.
Арды ойлаған, мал мен жан садағасы,
Қаһарман сендей болсын жарқын жүзі.
Шаршы алаңың талайға соққан дауыл,
Көз тіккен экранға қала-ауыл.
«Е-е, Алла өзің демеп, желеп-жебе»,
Деп тілеген тамшы алды көзге бауыр.
Он бес миллион қазақтар ондықтамыз,
Әлемді шыр айналып шолдық па? біз.
Зілтемір, секірумен, бокс-күрес,
Дүр сілкінтіп дүниені болдық па? біз.
Шығады әңгіме-сөз себеп-салдан,
Сергек Рухпен талай ел мысын алған.
Алға,- деп, қазақ Туын желбіреткен,
Айналдым біртуар ұл-Нұрсұлтаннан.
Серіктің тұла бойы жігер-ерік,
Алған беттен қайтпайтын жігіт берік.
Жүзің жарқын халқыңа Азат елде,
Үлес қос Өркениетке болып көрік.
Көк Туын желбіреттің рухың асқақ,
Қалың ел қаһарманын жырмен тоспақ.
Қос дүркін тарланбозы күллі әлемнің,
Серік деп, чемпион деп, әнге қоспақ.





Пікір жазу