29.08.2022
131
ҚАЛАУЛЫСЫ ХАЛЫҚТЫҢ
/Бағлан ДӘНЕБЕКҰЛЫНА/
Төрт жүз алпыс адамың бар жаныңда,
Өркениетке із салмасаң қадым ба?
Қалаулысың қауым жұртқа бауырым,
Жарты ғасыр «Сарыағашқа» адымда.
Жарқын іске талай іштен күйеді,
Көрсеқызар бар тілегін үйеді.
Шипажайда үйлесімді басқосу,
Кеудеге сыр сергек жандар түйеді.
Бағлан бауырым, анаңды әркез мәпеле,
Ұрпақтарды жарқын іске жетеле.
Бәйдібекті түлетем деп жарқылдап,
Жанып өтті Дәнебектей әкең де.
Көзқарастан арман-тілек сезілген,
Іс түскенде басқа талай безінген.
Құда-жекжат құрмет тұтып, Оңтүстік,
Мақтанамыз жас болсаң да өзіңмен.
Жарқын тілек тілемесе бауыр ма?
Өзің барда қалмас ұжым жауында.
«Нұр Отанның» сардарысың - өркениет,
Алдан тосады бар тілегім ауырма!