29.08.2022
75
ТАҢДАП МІНДІ ПЫРАҒЫН
Ғани көкем, Бегімкүлдей жеңгеме,
Ортақ болып жүрген тойға көп екен.
Ақын болып, өлең сөзді өңгере,
Кетпес-ау, Уа халқым жөн бе екен.
Қайсар інім Салтанаттай сыңарын,
Тапқан шақта көзден мейір ұғарым.
Нұрасылдай ұл сыйлаған шағында,
Әулетімде шын жүректен қуандым.
Сол азамат атқа мінді қырағым,
Сәйгүліктен таңдап тауып пырағын.
Ұлттың қамын «жыртатын» азамат бол,
Бір Алладан тек амандық сұрарым.
Атаңдай адал болсаң ел сүйеді,
Апаңдай болсаң әркез жан киелі.
Нұрдан өзің Нұрасыл жаралғансың,
Нұрлы жанға халыққа бас иеді.