29.08.2022
  111


Автор: Талғат Орманов

БІРЕГЕЙІ БАТЫРДЫҢ

Байқұлақ баба басына,
Сағана өзің тұрғыздың.
Көкпар беріп, жиын-ас,
Тарихқа бетті бұрғыздың.
Көп жасаған бақытты,
Бедел әркез керек қой.
Бекзададай жақұтты,
Аялаған мерейтой.
«Алпыс- тал түс» бір шулап,
Жиын беру зерек ой.
Ата- дәстүр қиқулап,
Тұлпар тарту керек қой.
Қойшекең мен Исматқа,
Шәкірт болдың тым зерек.
Ұрпаққа үлгі-өнеге,
Тірлігің тарих бір дерек.
Бакуде достар Бішкекте,
Атырау, Ақтау ырысың.
Бере алмас талай түстеп те,
Достыққа берік-бірісің.
Құдайы бір құрдастың,
Оразкүлің барында.
Құдалармен сырластың,
Шәріпбекпен жарыла,
Ақын да өлең өріпті,
Құрметті жанға көрікті.
Серікжан көпте қалаулы,
Тұтқасын тірлік сеніпті.
Сол күндерді ойласаң,
Сезім сырлы қалғандай.
Мәдібек, Түгел бір елес,
Өткінші өмір жалғандай.
Күйкі де тірлік таусылмас,
Арқалы ақын жырысың.
Ерқуат, Жамбыл жансырлас,
Қалыпты дәйім жүрісің.
Келдібек көкең барында,
Бабалар салған сарында.
Мелдеке жас боп қаласыз,
Арында бажа арында.
Ойы алғыр ағасыз,
Қара сөзде сүлейміз.
Бізге пікір - бағасыз...
Ұзақ ғұмыр тілейміз.
Ұл-қыздарың, немере,
Өсіп-өнсін көрерміз.
Әпкеммен жүзге келгенде,
Тағы да өлең өрерміз.





Пікір жазу