АСЫЛХАНҒА
Ағайыным, бауырларым, жақыным,
Айтар аз ба аға-жеңге ақылын.
Күйеу бала құтты болсын сүндет той,
Үйде ұлға қысқан Шолпан тақымын.
Айналаңнан жұпар иіс сезесің,
Қатал нарық заңына да төзесің.
Асылханның болашағын ойланып,
Небір қиыр, көкжиекті кезесің.
Тыңда Нұрлан көңілді кір шалмасын,
Пейіліңді қара ниет алмасын.
Перзент деген күлкісімен арайлы,
Өркениетке балаң еркін самғасын.
Іштарлық қарындасым қалама,
Не жетеді Қостұрадай далама.
Еңбек ет те, зейнетін көр балаңның,
Үмітсіз жан бұл өмірде болама?
Бар ағаға қарындастар өкпелі,
Қайтесің сол айта беріп өкпелі.
Жақсыны ойла тағасына тартсын ұл,
Алар бір күн бұйыртса Алла көктегі.
Жол таңдадым бәлкім сүрлеу саралы,
Таңқалдырған кемеңгер мен дараны.
Жиеніме ат мінгізіп шалқайтып,
Тұлпар жырым топты жарып барады.
Өмір-өзен ер жасы да тойландың,
Ормановтар бірлігінде ойландың.
Сұлу сурет табиғаты ғажайып,
Туған жердің қазағына байландың.
Мақсатсыздар болашаққа мазалы,
Рухы жоқтар қу тірлікпен азады.
Жаны жайсаң аман жүрсін бауырлар,
Қуаныш-той алсын жиі мазаны.
Сырт біледі, деген сөз бар деседі,
Бәтуамен бітер істер еселі.
Ер жасында ұққан жайым ағайын,
Тек ынтымақ, бәрін білсең шешеді.