29.08.2022
108
САҒЫНЫШ
Алау денем ысып,
Жатсам деп ем құшып.
Ертегі әлем – ғажайып.
Келдің қайдан ұшып.
Көрінбейсің көзге,
Сері жігіт кезбе.
Бізге де бір қара,
Саған наз жоқ өзге.
Сағындыра түсіп,
Тұрған шақта пісіп.
Жыл құсындай – Көктем,
Келдің қайдан ұшып.
Қаладым тек сені,
Құштар – көңіл жөні.
Сыңғырындай бұлақ,
Аялашы мені.