29.08.2022
125
ҚЫЗ КЕЛДІ ЖАСҚА ҚЫЛЫҚТЫ
Жан жарың Орал Ай қабақ,
Отырсың қос гүл аймалап.
Кеудеңде «Құрметті байланысшы»,
Жарқырайды көпке сол да бақ.
Алдыңнан таңдар Арайлар,
Құрметпен күткен сарайлар.
Татымас басқан ізіңе,
Сыпсың сөз айтар талайлар.
Жазбағам өлең еріксіз,
Ісіңде мін жоқ- көріксіз.
Отырар әркез дем беріп,
Қылықты жасқа келіпсіз.
Жұрт та бір қауым-реңі,
Тобығың тайса күледі.
Қадірің қыздар қырақтан,
Асқан соң анық біледі.
Келесіз ашық жадырап,
Болыспек қызы қадір ап.
Тұған күн бақыт тілейді,
«Қазпошта», байтақ атырап.